Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қаладағы №1 жылу беру станциясының жұмыс барысымен танысты.
Биыл аталған нысанда ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде қазандықтардың жұмысы тұрақталып, жылыту маусымы қалыпты әрі апатсыз өтуде. Бұрын қыс басталысымен туындайтын бірқатар мәселелердің алдын алу мақсатында жаз мезгілінде жүйелі жұмыстар атқарылған болатын. Қазіргі таңда сол еңбектің нақты нәтижесі көрініс табуда.
Сондай-ақ №3 көтеру сорғы станциясының жұмысы қаралды. Бүгінде бұл станция арқылы Кеңгір ауылына ауыз су үздіксіз беріліп, тұрғындарды тұрақты сумен қамту қамтамасыз етілуде.
Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.




