Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып Мақсұт Мөлдір Сағадатқызы тағайындалды.
Мөлдір Сағадатқызы 2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған. Мамандығы – өнер бакалавры.
Еңбек жолын 2017 жылы Астана қаласындағы «Mega show technic» ЖШС-де PR маманы қызметінен бастаған.
2023-2024 жылдары Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметінде болды.
2024-2025 жылдары Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасында, Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры қызметтерінде болды.
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.




