Премьер – Министр О. Бектеновтың қатысуымен Астанада Жаһандық инвестициялар-2025 (KGIR-2025) бойынша жыл сайынғы қазақстандық дөңгелек үстел өтті. Форумның тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан орнықты экономикалық даму орталығы ретінде». 55 мемлекеттен 1000-нан артық қатысушыны жинаған іс-шара, инвестиция тарту саласындағы негізгі бағыттарды – инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, жоғары технологиялар және жасыл экономика салаларын талқылауға арналған алаңға айналды.
Аталған іс-шара аясында Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков облыс экономикасына инвестиция салуға дайын инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу барысында облыс әкімі қатысушыларға өңірдің инвестициялық ахуалы туралы ақпаратты таныстырды.
KGIR-2025 алаңдарында облыс әкімдігі жалпы сомасы 150 млн АҚШ долларынан асатын Harvest Agro Holding (Швейцария), Chengdu Sepmem Energy (ҚХР), BKN Techbuild (ҚХР) және Sairen Group (ҚХР) компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Меморандумдар ауыл шаруашылығын, құрылыс пен энергетиканы дамытуға бағытталған.
 
  
  
 
Аталған инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа перспективалы салаларды іске қосуға және сол арқылы өңір экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
                        