жаңалық
Чт. Окт 30th, 2025

«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

📩 ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда.

 

Біліктілікті арттыру курстары заманауи білім беру үрдістеріне сай ұйымдастырылып, мұғалімдердің инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруіне, цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.

 

Оқыту барысында тыңдаушылар заманауи педагогика, инклюзивті білім беру, бағалау жүйесін жетілдіру және оқу процесінде оқушының жеке қабілетін дамыту сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды. Курстар интерактивті форматта, тәжірибелік тапсырмалар мен онлайн сессиялар арқылы өтті.

 

Бағдарлама соңында қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дайын екендерін атап өтті. Олар мектептің білім сапасын арттыруға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге өз үлестерін қосуға ниетті.

 

🔹 «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мұндай бастамалар педагог кадрлардың кәсіби өсуіне жол ашып, еліміздің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.

 

➡️ Толығырақ ақпаратты gov.kz

сайтынан оқи аласыз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *