жаңалық
Пт. Ноя 7th, 2025

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірлерде 176 жаңа мектеп салынды, ал жыл соңына дейін тағы 41 мектеп пайдалануға беріледі.

 

Бұл жобаның негізгі мақсаты – сапалы білімге қолжетімділікті арттыру және заманауи оқу инфрақұрылымын дамыту. Жаңа білім ордалары соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, IT-сыныптармен және ғылыми зертханалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мектептерде инклюзивті білім беру мүмкіндіктері ескеріліп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

 

«Келешек мектептері» жобасы ауылдық және қалалық білім беру арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Мұндай мектептерде оқушылар тек сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа технологияларды меңгере алады.

 

Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы – елдің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы Қазақстанның білім саласындағы маңызды серпіліс болып табылады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *