Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназиясы — жаңа буын көшбасшысы басқаратын заманауи «Келешек мектебі»
🎯 Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі — Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназия табысты жұмыс істеуде.
Жаңа форматтағы басқару моделі мектептің дамуына серпін беріп, оқу үдерісін жаңғыртуға мүмкіндік туғызды. Оқу орнында білім сапасын арттыру, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту және заманауи дағдыларды қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мектеп ұжымы инновациялық жобаларды енгізіп, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп келеді.
🔹 Мектеп-гимназияда STEAM бағыты, цифрлық сауаттылық, жобалық жұмыс мәдениеті белсенді дамып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
🔹 Педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасалып, мектеп ішінде жаңа бастамаларды қолдайтын академиялық орта қалыптасқан.
🔹 Оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған клубтар мен үйірмелер жүйелі жұмыс істейді.
Манаргүл Тоханның жаңашыл көзқарасы мен көшбасшылық қасиетінің арқасында №20 мектеп-гимназия «Жаңа мектеп – жаңа талап – жаңа нәтиже» қағидасының нақты үлгісіне айналып келеді. Бұл білім ұясы Көкшетаудағы заманауи мектептер қатарын толықтырып, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға өзіндік үлес қосуда.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
