Қаланың инфрақұрылымын жаңарту — бұл тек тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар болашаққа салынған берік негіз. Бүгінде Сәтбаев қаласында осы мақсатта маңызды жобалардың бірі — кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қарқын алды.
Бұл жаңарту жұмыстары — қаламыздың санитарлық — экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, апатты жағдайлардың алдын алуға және тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық қадам.
                        