Кеше, 14 наурыз күні жиhанкез Сәрсенбай Қотырашов ақсақал Венгрияның астанасы Будапешт қаласына жетті.
Ол кісіні қалаға кіре-берістен Қазақстан елшілігінің консулы Марат Асқаров күтіп алып, қонақүйге орналастырып, кешкі ас ұсынды. Ал, бүгін, яғни, 15 наурыз күні Сәрсенбай ақсақал ҚР Елшілігінің қолдауымен референдумға қатысып, Мажарстандағы №407 учаскесіне бірінші болып барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Сәрсенбай ақсақал Мажар елінде жүріп, еліміздің жаңа Конституциясы үшін дауыс берген бірден –бір ұлытаулық ретінде де тарихқа енуі мүмкін.
Абдолла Нұртауұлы




