2024 жылдың қыркүйек айынан бастап дәрігер Кәмәліддін Өмірзах Найзабекұлы арнайы шақыртумен Ұлытау облысының онкологиялық медицина саласында еңбек етіп келеді. Білікті маман өңірге отбасымен қоныс аударған.
Кәмәліддін Өмірзах Найзабекұлының жұбайы да медицина саласының маманы — радиолог дәрігер. Қазіргі таңда ерлі-зайыпты дәрігерлер өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында қызмет атқарып келеді.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау аясында жас мамандарға көтерме жәрдемақы берілді. Атап айтқанда, Кәмәліддін Өмірзах Найзабекұлы мен оның жұбайына 7 миллион теңгеден беріліп, жалпы сомасы 14 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар отбасы баспанамен де қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламалар аясында Ұлытау облысына білікті мамандарды тарту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға және халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.




