ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жаңалықты бөлісіңіз:

2023 жылдың мəліметтері бойынша əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде жарылыстар, газ-ауа қоспасының, газ баллондарының жарылыстары болған 5 оқиға тіркелді, онда 5 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қаза тапты.

«Газ жəне газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңына сəйкес 2012 жылдың қаңтар айынан бастап газ жəне газбен жабдықтау саласында əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (тұрмыстық жəне коммуналдық-тұрмыстық) газ баллондар мен газды пайдалану жабдықтарын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

СƏТБАЕВ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН САҚТАУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН

ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ!

Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

– таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дəлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған, тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

– баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;

– баллонды ауыстырар алдында жаңатжəне пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы);

– баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесеқысылуына жол бермеңіз;

– газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

– тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

– газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр жəне электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағ-

дайда «101», «112»-телефон нөмірлері

арқылы қоңырау шалыңыз!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *