Дауыс берушілерге барынша жағдайды жасау мақсатында №49 референдум учаскесі мүмкін нәрсенің бәрін ұйымдастырғаны байқалады. Мұнда көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасы даярланды. Ал, дауыс бергенге шейін де, кейін де отырып ойын ойнағысы келгендер үшін тоғызқұмалақ пен шахмат тақталары дайын тұрды.
Осылайша, дауыс беріп, таңдау жасауға келгендер бір мезет өзара тоғызқұмалақ пен шахмат ойнап мәз болысып қалды.
Мейрамкүл Саяжанқызы.




