Эстония мемлекетінің бірінші ханымы Сирье Карис «Келешек» мектебінде болды
Қазақстанға Эстония Президентінің мемлекеттік сапары аясында оның жұбайы Сирье Карис елордадағы №101 «Келешек» мектебінде болып, қазақстандық білім мен тәрбие жүйесімен танысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
Сапар барысында қонақтарға мектептің инновациялық жобалары, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған заманауи оқу бағдарламалары және цифрлық білім беру платформалары таныстырылды. Мектеп ұжымы академиялық пәндермен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған арнайы кабинет пен шеберханаларды көрсетті.
Сирье Карис білім беру мекемесінің мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, Қазақстанның балаларына қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Ол екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін де сөз етті.
Өз кезегінде министрлер жұмыс сапары аясында қазақстандық мектептердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыру, педагогтердің біліктілігін көтеру және оқушылардың білім сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында.
