Мен 1983 жылдан бастап өндірістік салада үздіксіз еңбек етіп келемін. Көп жылдық тәжірибем барысында инженерлік-техникалық қызметтің барлық негізгі сатыларынан өттім. Еңбек жолымды инженер ретінде бастап, кейін ведущий инженер, учаске бастығы, сондай-ақ Қарағанды қаласында директор қызметтерін атқардым. Бұл лауазымдарда жұмыс істей жүріп, өндірісті ұйымдастыру, техникалық процестерді басқару және ұжыммен тиімді жұмыс жүргізу бағытында мол тәжірибе жинақтадым.
Қазіргі таңда осы бөлімде учаске инженері болып қызмет атқарамын. Біздің бөлім негізгі қызметін «Қазақмыс» корпорациясына көрсетеді. Корпорацияның өндірістік объектілеріндегі маңызды жабдықтардың үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Атап айтқанда, кен орындарында қолданылатын подъемный вентиляторлар, түрлі автоматика және басқару жүйелерімен жұмыс жүргіземіз.
Менің тікелей міндеттеріме жабдықтарды техникалық бақылау, жоспарлы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, ақауларды анықтау және жою, автоматтандырылған жүйелерді реттеу мен іске қосу кіреді. Сонымен қатар, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалап, техникалық құжаттамамен жұмыс істеймін. Жабдықтардың сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмыс істеуі үшін профилактикалық шараларға ерекше көңіл бөлемін.
Көп жылдық тәжірибе, жауапкершілік және инженерлік ойлау қабілетінің арқасында күрделі техникалық мәселелерді дер кезінде шешіп, корпорацияның өндірістік процестерінің тұрақты жұмыс істеуіне өз үлесімді қосып келемін.




