жаңалық
Пт. Июн 20th, 2025

Еңбек – елдің тірегі, ердің абыройы!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Әрбір таңды маңдай терімен қарсы алып, күн сайын қоғам игілігі үшін аянбай тер төгетін еңбек адамдары – шын мәнінде нағыз батырлар. Олардың елеусіз еңбегі – еліміздің дамуы мен өркендеуінің берік іргетасы.
Қарапайым жұмысшыдан бастап, құрылысшы, ұстаз, дәрігер, дихан, кенші мен инженерге дейін – барлығының қолтаңбасы өміріміздің әр саласында айқын көрініс табуда. Әр кірпіш қаланған үйде, әр егілген дәнде, әр емделген адамда – еңбек адамының ізі жатыр.
Еңбек – тек табыс көзі емес, ол – намыс, ол – парыз, ол – Отанға деген адалдықтың көрінісі. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген жандарға алғысымыз шексіз!
Бүгінгі күн – еңбек адамдарына деген құрмет пен ризашылықты білдіретін сәт. Қадірлі еңбек иелері, Сіздердің тынымсыз еңбектеріңізге бас иеміз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспіз!

Қанағат Аманбаев, жастар ресурстық орталығы маманы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *