жаңалық
Пт. Июн 20th, 2025

Еңбек – елдің ертеңі

Жаңалықты бөлісіңіз:

Құрметті еңбек адамдары! Сіздерді маңдай термен келген мәртебелі еңбектеріңіз үшін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табанды істеріңіз, қажырлы қайраттарыңыз – біздің қоғамның берік іргетасы.
Еңбек – жай ғана міндет емес, ол – адамзаттың өркендеуіне бастар жол. Қарапайым жұмысшыдан бастап, мұғалім, дәрігер, құрылысшы, тазалықшы, жүргізуші, шаруа – барлығы ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз – адалдық пен жауапкершіліктің, төзім мен табандылықтың үлгісі.
Еңбек адамын құрметтеу – біздің парызымыз. Олар таңның атысы мен күннің батысына дейін тынбай еңбек етіп, ел игілігіне қызмет етіп жүр. Әрбір жетістік, әрбір нәтиже – сіздердің қолдарыңызбен, сіздердің күштеріңізбен жасалып жатыр.
Бүгінгі күні де елімізді алға жетелейтін күш – еңбек адамының қажырлы еңбегі. Осы бір ерекше құрметке лайық жандарға тек алғыс пен ризашылық білдіреміз.
Еңбектеріңіз жана берсін, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Қашанда елдің мақтанышы болып жүре беріңіздер!

Жайық Мұңсызбаев, ақсақалдар кеңесінің мүшесі

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *