Еңбегімен еленген, маңдай терімен мәртебе тапқан қарапайым еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. Олар үнсіз ғана өз ісін атқарып, күнделікті өмірдің тынысын қамтамасыз етіп отырған нағыз батырлар.
Таңның атысынан кештің батысына дейін адал еңбегін аямай, туған жерінің гүлденуіне үлес қосып жүрген әр сала мамандары – құрылысшылар, ұстаздар, дәрігерлер, жүргізушілер, кеншілер, тазалықшылар, ауыл еңбеккерлері – бәрі де ерекше құрметке лайық.
Олар – сөзбен емес, іспен өнеге көрсететін жандар.
Олар – болашақ ұрпаққа еңбекқорлықтың үлгісін көрсететін тұлғалар.
Біз сіздердің табандылықтарыңызға, төзімдеріңізге, адал еңбектеріңізге бас иеміз!
Еңбек адамына құрмет – елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі!
Қай салада болмасын, ел үшін еткен еңбектеріңіз еселеніп, әр күніңіз берекелі болсын!
Рахымбеков Жалғас, жеке кәсіпкер