Күннің көзімен таласа тұрып, қара жердің тынысын тыңдап, маңдай терімен адал еңбектің дәмін татып жүрген жандар – нағыз қаһармандар. Олар сахнада емес, зауытта, кеніште, құрылыс басында, дала төсінде жүр. Олар – тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған еңбек адамдары.
Еңбектің иісі – адалдықтың иісі. Тырнағы майысып, қолы күс болып жүрсе де, еш шағымданбайтын, керісінше «еліме пайдам тисе болды» деп жүретін қарапайым жұмысшы – біздің мақтанышымыз.
Бүгінгі күні экономиканың да, қоғамның да ілгерілеуіне үлес қосып жүрген әрбір еңбек адамына бас иіп, алғысымызды айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіз – ұрпаққа үлгі, болашаққа мұра.
Сания Мұхаметшина, жеке кәсіпкер