Таза Қазақстан аясында облыс көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл экологиялық шараға түрлі мекеме қызметкерлері, еріктілер және қала тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп, аймақтың көркеюіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл шара тек тазалық жұмыстары ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Бірлескен еңбек пен ұйымшылдықтың арқасында сенбілік жоғары деңгейде өтті.
Осындай игі істер арқылы біз туған жерімізді таза әрі көрікті етіп, болашақ ұрпаққа аманат ете аламыз.
Таза Қазақстан – бұл біздің ортақ міндетіміз




