Әр таңын еңбекпен қарсы алатын, маңдай терімен нәпақа тауып, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген қарапайым еңбек адамдары – нағыз батырлар. Олар жарнамасыз-ақ жан аямай жұмыс істейді. Олар сахнада болмаса да, өмір атты үлкен аренаның басты кейіпкерлері.
Еңбек адамы – еліне, жеріне деген шынайы сүйіспеншіліктің, адалдық пен жауапкершіліктің символы. Ол – құрылысшы да, ұстаз да, жүргізуші де, тазалықшы да, дәрігер де, сатушы да. Әр мамандықтың артында бір жанның қажырлы еңбегі, төгілген тері, жанкештілігі тұр.
Қоғам дамуының іргетасы да – осы еңбек адамдарынан қаланады. Оларсыз күнделікті өмірді елестету мүмкін емес. Сондықтан әрбіріміз осы жандардың еңбегін құрметтеп, бағалай білейік. Қарапайым еңбекті қадірлеу – рухани байлықтың белгісі.
Барша еңбек адамдарына шексіз алғыс пен құрмет! Сіздердің табанды еңбектеріңіз – болашақтың берік негізі.
Байзаққызы Лаура, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі