2026 жылғы 25 ақпанда Жезқазған қаласында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Іс-шара көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуге бағытталды.
Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдары пысықталды. Негізгі мақсат — су басу қаупі бар елді мекендер мен аумақтарды тасқын сулардан қорғау.
Іс-шараға төтенше жағдайлар органдары, ішкі істер бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тартылды. Оқу-жаттығу күштер мен құралдарды дайындыққа келтіру туралы сигнал беруден басталып, практикалық кезеңмен жалғасты.
Қостанғалды және Бекболатсай шағын аудандарында арықтар мен су өткізу құбырлары, су бұру құрылғылары тазартылды. Қала көшелерінде қар тазалау және шығару жұмыстары жүргізілді.
Сценарийге сәйкес ауылдық елді мекендегі жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін жою бойынша іс-қимылдар көрсетілді. Инертті материал салынған қаптардан қорғаныш бөгеттер тұрғызылып, қар шығарылды, зардап шеккендер эвакуацияланып, эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Сонымен қатар жеке секторда су тасқыны қаупі кезінде халықты құлақтандыру шаралары пысықталды.
Жезқазған–Есіл–Петропавл автожолының шайылуының салдарын жою, сондай-ақ мол қар еруі салдарынан Көктенкелсай көшесіндегі арық жүйесінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты жағдайлар іс жүзінде отработаланды.
Оқу-жаттығу барысында шартты түрде су айдынында қалған балықшыны құтқару және оған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға күштер мен құралдардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті.




