Еңбек адамы әр күн сайын қажырлы еңбегімен ел дамуына өз үлесін қосады. Ол маңдай терімен, адал еңбегімен қоғамның тірегі болып табылады. Күнделікті тіршілікте кездесетін қиындықтарға қарамастан, еңбек адамы өз ісінің нағыз шебері ретінде әрбір істі сапалы және жауапкершілікпен атқарады. Оның қолынан шыққан әрбір өнім – саналы еңбектің жемісі.
Біз әрқайсымыз өміріміздің сапасы еңбек адамының қолында екенін ұмытпауымыз керек. Олардың қажырлы еңбегіне алғысымызды білдіре отырып, болашақта одан жоғары жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге жетулерін тілейміз. Еңбек адамдарына деген құрметіміз шексіз, ал олардың еңбектегі табыстары әрдайым ел мақтанышы болып қала береді. Жасаған еңбектеріңіз үшін рақмет, құрметті еңбек адамдары!
Жайық Мұңсызбаев, қаланың құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының мүшесі