Еңбек — елдің тірегі
Бүгінгі күні еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдары — біздің басты құндылығымыз. Олар — әр күнін маңдай термен өткізіп, қоғамды алға сүйреп келе жатқан нағыз батырлар.
Жер жыртып, дән сепкен диқаннан бастап, зауытта тынымсыз жұмыс істейтін мамандарға дейін – барлығы да біздің ортақ игілігіміз үшін аянбай еңбек етуде.
Осы ретте барша еңбек адамдарын алғыс пен құрметке бөлейміз. Сіздердің табандылық пен төзімділікке толы еңбектеріңіз — жас ұрпаққа үлгі!
Лаура Байзаққызы, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі