Еңбек – елдің тұтқасы!
1 мамыр – халық бірлігінің, бейбіт өмір мен еңбектің салтанат құрған күні. Бұл – адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтатын ерекше күн.
Еңбек адамын ұлықтау – болашаққа деген сенімді нығайтады. Әрбір ұстаздың, дәрігердің, құрылысшының, агрономның, тазалықшының, мемлекеттік қызметкердің — барша еңбек майталмандарының еңбегі құрметке лайық!
Қиындықты еңсеріп, болашаққа жол ашатын күш – еңбек пен бірлік екенін естен шығармайық!
Еңбек күні құтты болсын!
Сания Мұхаметшина, жеке кәсіпкер