Астана қаласында өткен Наурыз мейрамы биыл инновациялық сипатымен ерекшеленді. Заманауи технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған іс-шаралар ұлттық құндылықтарды жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік берді.
Мерекелік күндері 200-ден астам іс-шара өткізіліп, 400 мыңнан астам адам тікелей қатысса, онлайн аудитория 1,5 миллионнан асты. Бұл — Наурыз мейрамының цифрлық форматта да кең ауқымда атап өтіліп жатқанын көрсетеді.
Іс-шаралар барысында 70 бірегей цифрлық жоба ұсынылып, 60 тақырыптық киіз үйде ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды. Қала көшелерінде орнатылған LED-экрандар мен баннерлер мерекелік көңіл-күйді арттырды.
Мәдени бағдарламада 300 өнер қайраткері өнер көрсетіп, олардың ішінде Роза Рымбаева мен Уркер тобы ерекше ықыласқа бөленді.




