Еңбек – адамды шыңдайтын бағалы дүние. Әрбір еңбек адамы – еліміздің болашағы үшін тер төгіп, өз үлесін қосатын қаһарман. Сіздердің адалдығыңыз бен қайраттарыңыз тек өзіңізге ғана емес, қоғамға да пайдасын тигізеді. Еңбектің құрметке лайық екенін ешқашан ұмытпайық! Барлық жұмысшыларға қажымас қайрат, денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін!
Бақыт Макашова, аналар кеңесінің мүшесі