2025 жыл — Еңбек адамының, жұмысшы мамандықтарының жылы. Бұл жыл еңбекқор жандардың ерекше еңбегін бағалау және олардың қоғамда атқарып жатқан рөлін атап өтуге арналған. Жұмысшы мамандар біздің еліміздің дамуының негізі болып табылады. Олар күнделікті өмірде көзге түспесе де, әрбір саланың тірегі. Біздің елдің гүлденуіне қосқан үлестері үшін барлық еңбек адамдарына шексіз алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болсын!