Қала кіреберісін көркейту мақсатында «Жасыл дәліз» жобасы қолға алынды. Жоба аясында қала кіреберісінен бастап PETROL жанармай бекетіне дейінгі аумақ абаттандырылып, өндірістік аймақ тұсы жасыл желекпен көмкеріледі.
Аумақ 3 бөлікке бөлініп көгалдандырылады. Сонымен қатар, жобада маңызды жаңалықтардың бірі – заманауи суару жүйесінің орнатылуы. Бұл отырғызылған ағаштардың тұрақты өсіп-өркендеуіне мүмкіндік береді.
Жалпы жоба аясында 1 484 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде қарағаш, ақ терек, ясень, айлант және платан ағаштары бар.
Жоба қала экологиясын жақсартуға, өндірістік аймақты жасыл белдеумен қоршауға және қала келбетін арттыруға бағытталған.

Поделиться
Похожие статьи

АКТУАЛЬНО
Канат Бозумбаев проверил паводкоопасные районы области Улытау

АКТУАЛЬНО
Қанат Бозымбаев Ұлытау облысында

Срочно
АКТУАЛЬНО
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ:ӘРБІР АЗАМАТҚА БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІК

Срочно
АКТУАЛЬНО