Алдағы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Осыған байланысты тұрғындарға арналған жаңа онлайн қызмет іске қосылды. Азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін біле алады. Платформа екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді әрі қолдануға ыңғайлы.




