Жаңалықты бөлісіңіз:

Еңбек адамы – бұл тек белгілі бір кәсіптің иесі ғана емес, сонымен қатар өз ісіне шын берілген, адалдық пен табандылықты ту еткен жан. Олар қоғамның нағыз тірегі, елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын азаматтар.

Бүгінде Қазақстан экономикасының сан түрлі саласында 9,2 миллион адам еңбек етіп, өз маңдай терімен елдің әл-ауқатын арттыруда. Олардың ішінде 7 миллионға жуық адам жалдамалы жұмыспен қамтылып, еліміздің экономикасының сенімді іргетасы болып отыр. Еңбек адамдарының қажырлы жұмысы мен талмай ізденісінің арқасында елдегі орташа жалақы деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға өскен. Бұл – олардың еңбегін бағалауға, лайықты жағдай жасауға деген ұмтылыстың көрінісі.

Шын мәнінде, еңбек адамы – күн сайын өз ісін сүйіспеншілікпен атқаратын, бойындағы күш-жігерін, білімін, тәжірибесін аянбай жұмсайтын жанашыр азамат. Олар тек өз отбасын асырап қана қоймай, тұтас мемлекеттің ілгерілеуіне, өркендеуіне ықпал ететін жандар. Еңбекқорлық пен адалдықты ту еткен осындай жандардың арқасында Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басуда.

Айлыбай Әлиев, «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ директорының орынбасары

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *