Сәтбаев қаласында референдум күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді. Бұл бастама қала тұрғындарының дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз барып, өз азаматтық таңдауын жасауына мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылып отыр.
Аталған күні қала ішіндегі барлық автобус бағыттары тұрғындарды ақысыз тасымалдайды. Қоғамдық көліктер белгіленген кесте бойынша қатынап, жолаушыларға күні бойы қызмет көрсетеді.
Қала әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады. Мұндай шаралар азаматтардың дауыс беру учаскелеріне ыңғайлы жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Референдум – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Осы күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатыса алады.
—————————————————————————
САТПАЕВ: В ДЕНЬ РЕФЕРЕНДУМА ОБЩЕСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТ БУДЕТ БЕСПЛАТНЫМ
В городе Сатпаев в день проведения референдума общественный транспорт будет работать бесплатно. Данная мера направлена на создание удобных условий для жителей, чтобы они могли беспрепятственно добраться до своих избирательных участков и принять участие в голосовании.
В этот день все автобусные маршруты внутри города будут перевозить пассажиров на бесплатной основе. Общественный транспорт будет курсировать по установленному расписанию и обслуживать жителей в течение всего дня.
В городском акимате отмечают, что подобные меры направлены на повышение доступности избирательных участков и создание комфортных условий для горожан.
Референдум является важным общественно-политическим событием, которое дает гражданам возможность выразить свою позицию и принять участие в принятии значимых для страны решений.




