Елімізде жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет басшысының қатысуымен өтуде. Аталмыш шара ел аумағын тазартуға және өңірлерді көгалдандыруға бағытталған.
Акция аясында бүкіл ел бойынша жаппай сенбіліктер өткізіп, аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне орай таңдалған ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарлануда.
Бұл іс-шараға әрбір адам қатыса алады, ол үшін жергілікті әкімдікке хабарласып, өту орнына анықтау жеткілікті.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының бөлігі.
Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығына және елдің экологиялық болашағына үлес қосқысы келетіндердің барлығын біріктіреді.
41

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *