Ел тұрақтылығы – басты мақсат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
«Менің негізгі мақсатым – қазіргідей түрлі қатерге толы алмағайып заманда еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті.
Бұл сөз – елдің дамуы мен бірлігінің басты бағытын айқындайтын маңызды ұстаным. Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда мемлекет тұрақтылығын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету – ел басшылығының басты міндеті болып отыр.
Президенттің Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім мен денсаулық салаларын дамыту, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің болашағы – әр азаматтың белсенділігі мен еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау, бір мақсатқа жұмылу – баршамыздың ортақ борышымыз.
Жолдау – елдің дамуына бағыт беретін стратегиялық құжат. Онда қойылған міндеттерді іске асыру – Қазақстанды жаңа деңгейге көтерудің кепілі.
