Бүгінде әрбір азаматтың өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Электронды құжат айналымы, онлайн қызметтер және ақпарат алмасу үдерістері азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды талап етеді. Жаңа Конституция жобасы осы бағытта құқықтық кепілдіктерді күшейтіп, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде реттеуді мақсат етеді.
Республикалық референдум өткізу туралы шешімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Аталған бастама конституциялық реформаларды жалғастыруға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын жаңа деңгейде қорғауға бағытталған. Цифрлық дәуір талаптарына жауап беретін құқықтық база қалыптастыру – ел дамуының маңызды қадамы.




