Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті игі шара ұйымдастырылып, аумақты көгалдандыру мақсатында 20 түп көшет отырғызылды. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бастамаға мекеме қызметкерлері, еріктілер және белсенді тұрғындар қатысты.
Шара барысында қатысушылар белгіленген аумақты тазалап, көшеттерді арнайы орындарға отырғызды. Жасыл желекті көбейту – экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, өңірдің көркін арттыруға да септігін тигізеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін болады.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған жерді таза әрі көркейген күйде келер ұрпаққа аманат етуге бағытталған маңызды жоба.




