Біз XXI ғасырдың үшінші онжылдығында жаңа тарихи кезеңге аяқ бастық. Бұл кезең – цифрлық өркениет дәуірі. Цифрлық технологиялар, деректердің шексіз ағыны және жасанды интеллект біздің қоғамымыздың барлық саласын түбегейлі өзгертіп жатыр. Жаңа шындыққа бейімделу – уақыт талабы ғана емес, ұлттың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін стратегиялық шешім.
Соңғы онжылдықта әлемдегі жетекші мемлекеттер цифрлық трансформацияны жеделдетіп, жасанды интеллектке негізделген экономиканы құру жолына түсті. Қазақстан да осы үрдістен шет қалмауы тиіс. Біз үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды мақсат етіп отырмыз. Бұл – жай ғана мақсат емес, бұл – ұлттық идеология, жаңа өркениеттің өзегі.