Бүгінгі таңдау, ертенгі болашағымыздың кепілі!

Жаңалықты бөлісіңіз:

6 қазан еліміз үшін өте маңызды күндердің бірі болды. Біз маңызды таңдау жасадық десек те болады. Әне-міне дегенше көптен күткен референдум да өтіп кетті. Осы референдум бойынша ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің нәтижелері бойынша мәліметіне сүйенсек, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құраса, Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтар осы халықтың 71,12% құрады. Бұл көрсеткіштер әрине көңіл қуантады. Біз еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Бүгінгі таңдау, ертенгі болашағымыздың кепілі!

Амир Нурпейсов, қаланың белсенді азаматы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *