Цифрлық трансформация — бұл жай ғана заман талабына бейімделу емес, бұл — елдің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Біз жаппай цифрландыру кезеңіне аяқ басып отырмыз. Бұл — экономиканың барлық салаларын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, тіпті күнделікті тұрмысымызды өзгертіп жатқан құбылыс.
Цифрландыру арқылы біз мемлекеттік қызметтерді оңай әрі қолжетімді етіп, халықтың өмір сапасын арттыра аламыз. Бұл – жемқорлықпен күрестің де тиімді жолы.
Сонымен қатар, жасанды интеллект — бүгінгі заманның ең қуатты құралдарының бірі. Ол өндірістік процестерді оңтайландырып, денсаулық сақтау саласында диагноз қою дәлдігін арттырып, білім беру жүйесін жекешелендіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан жасанды интеллект технологияларын дамытуда көштен қалмауы керек. Бізге өз кадрларымызды дайындап, зерттеу орталықтарын ашып, заңнамалық базаны жетілдіру қажет. Жасанды интеллект – бұл болашақтың тілі. Ал сол тілді меңгеру – біздің бүгінгі міндетіміз