Ср. Ноя 19th, 2025

БҮГІНГІ БОС АЛАҢ – ЕРТЕҢГІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

БҮГІНГІ БОС АЛАҢ – ЕРТЕҢГІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ

Қалада жайлы орта қалыптастыру – жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Біз пайдаланылмай тұрған аумақтарды қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, қала келбетін жақсарту шараларын бірізділікпен қолға алып келеміз. Бұл жұмыстардың барлығы сатбаевтықтардың және қала қонақтарының қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін жасалуда.

 

Мысалы, бұған дейін «Ulytau Mall» сауда үйінің артында орналасқан, жеті жыл бұрын кәсіпкерге берілген, бірақ осы уақытқа дейін мақсатты пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Келесі жылы бұл аумақта қала тұрғындары үшін жаңа серуендеу аллеясының құрылысы басталады.

 

Сонымен қатар, 2-шағын аудандағы бос тұрған аумақта жаңа саябақ салынбақ. Бұл – балалар ойнап, тұрғындар таза ауада демала алатын заманауи әрі жайлы демалыс орны болмақ.

 

Мониторинг барысында Kaspi дүкенінің жанында заңсыз орнатылған сауда киоскі анықталды. Кәсіпкерге ресми ескерту беріліп, нысан алынып тасталды.

 

Бұдан бөлек, Абай көшесінде салынып жатқан нысан бойынша тұрғындардан шағым түскен болатын. Тексеру нәтижесінде аталған жердің 1980–1990 жылдары жекеменшікке берілгені анықталды. Кәсіпкер тұрғындарға қолайлы болуы үшін жаяу жүргіншілер жолын салып, нысанның төбесіне суағар жүйесін орнатқан. Бұл жүйе қыс айларында мұздың түсуінен қорғайды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Қала аумағын абаттандыру, заңсыз нысандарды жою және жайлы қалалық орта қалыптастыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Атқарылып жатқан барлық шаралар ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *