Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Оның дүниеден озуы – күллі қазақ елі үшін ауыр қайғы.
Мұхтар Шаханов саналы ғұмырын ұлт руханиятына, ана тіліне, елдің болашағына арнаған бірегей тұлға болды. Ол поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, жүрекке жететін жалынды жырларымен халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ақынның шығармалары әділдік, адамгершілік, елдік рух пен ұлттық құндылықтарды арқау етті.
Сонымен қатар, Мұхтар Шаханов тек ақын ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосқан азамат ретінде де танылды. Ол ұлт мүддесі жолында батыл пікір айтып, елдің рухани дамуына зор үлес қосты. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткер ретінде ел есінде қалды.




