Болашақ — белсенді жастардың қолында: құқықтық ағарту іс жүзінде

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізді, ерекше көңіл электоралдық мәдениеттің өскелең ұрпақ арасында қалыптасуына бөлінді.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – болашақ сайлаушыларды конституциялық нормалар мен сайлау құқығының маңыздылығын түсінуге тарту болды. Облыс мектептерінде сайлау процесі тақырыбында эссе байқаулары, диктанттар ұйымдастырылды. Бұл бастамалар оқушыларға өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, болашақ азаматтық жауапкершіліктері туралы ойланып, түсінуге мүмкіндік берді.

Мектептегі өзін-өзі басқару жобасы аясында сайланбалы лауазымдарға кандидат болуды армандайтын оқушылар үшін шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар, сайлау құқығы мәселелері бойынша семинарлар, интеллектуалдық ойындар, пікірталас алаңдары мен ақпараттық сағаттар ұйымдастырылып, жастар мен болашақ сайлаушылар арасында өткізілді.

Арнайы назар «Жас сайлаушы клубын» құруға бөлінді. Клубтар облыс қалалары мен аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары жанында жұмыс істей бастайды. Бұл клубтар еліміздің сайлау жүйесі туралы білім алуға, пікір алмасуға және қарым-қатынас орнатуға арналған жаңа алаңдарға айналады. Олардың басты мақсаты — жастардың электоралдық белсенділігін арттыру, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Өткізілген шаралар Конституцияның Қазақстанның мемлекеттік құрылымының негізі ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, еліміздің болашағы үшін саналы, белсенді азаматтарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.

 

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *