БІЗДІҢ БАУБЕК

Жаңалықты бөлісіңіз:

Майданда қару мен қаламды қатар ұстаған қазақтардың арасында Баубек Бұлқышевтің шоқтығы биік болғаны мәлім. Өйткені, Баубектің өршіл рухты публицистикалық мақалалары кешегі Кеңес Одағы жастарының ғана емес, жалпы оқырмандардың арасында аса жоғары беделді басылым саналған «Комсомольская  правда» газетінде дүркін –дүркін жарияланып тұрған. Оның «Я хочу жить», «Жизнь принадлежит нам», «Коварство и любовь», «Письмо сыну Востока», «Слушай,  Кавказ!» деген мақалалары жауынгерлерді жігерлендіріп, қайратқа – қайрат, күшке күш қосып отырғаны туралы соғыстан кейінгі жылдары  замандастарының естеліктерінде талай мәрте айтылды. Бұған Баубектің 1946 жылы Мәскеуде жарық көрген «Жизнь солдата» деген жинаққа бірнеше мақаласының енгізілуі де дәлел.

Өкінішке қарай, ол Жеңіс күнін көре алмады. Ол Мәскеуді қорғауға атсалысты,  Украинаны азат етісті. Бірақ…1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Топырақ Украина жерінен бұйырды.  

Баубек Бұлқышев Ұлытаудың ұланы еді. Ұлы Жеңістің  80 жылдығы тұсында Баубек тәрізді мақтанышымызды еске алмасақ бола ма? Сондықтан да ,  оның замандасы, Жезді кенішінде көп жылдар басшылық жасаған өндірістің ірі қайраткерлерінің бірі болған Әбдірахман  Тоқтыбаевтың және Баубектің өмірден өткен ақырғы сәтінде қасында болған  азамат Қанағат Ағыбаевтың естеліктерін ғаламтор арқылы тауып, газетке жариялауды жөн санадық.Өйткені, бұл  бүгінгі ұрпақ үшін керек.

ЖАНЫП ТҰРҒАН ОТ ЕДІ

Мен Қарсақпай мыс заводында ашылған ФЗУ мектебіне алғаш 1930 жылы түсіп, 1932 жылы бітірдім.

Содан кейін сол ФЗУ-да оқытушыларқатарында қалдым. Біздің жұмыс тәртібімізбылай болды: шахтада істейтін оқушыларғанұсқаушы (инструктор по горному делу) болып, 6 ай рудникте жұмыс басқарып, екінші жарты жылдамектепте сабақ бердім (физика, математика).

Осы кезде конторщиктер группасында оқитынұлытаулық балаға назарым түсті. Баубек өтепысық, жанып тұрған от еді. Сабаққа өте алғыр, елгезек, аға деп ішібауырыңнан өтетін. Қоғамжұмысына өте белсенді. Қабырға газетіншығаруға көп көмектесетін. Арагідік өлең де жазатыны бар. Өте тіл алғыш еді. Керек болғанкезде мұғалімдерді үйінен шақырып келетін.

1935 жылы комбинат мені Алматыға тау-кенинститутына жібермек болды. Мен өзімменбірге інім, қарындасымды ала кетпекшіболдым. Олар ФЗУ-ды бітірген. Осыны естіп, Баубек те өзін ала кетуімді сұрады. Мен келістім.

Баубек асқан бауырмал еді. Мынадай бір оқиғаәлі есімде: Баубек жетімдік жағдайын айтып, Қазақ ССР Жоғарғы Советі ПрезидиумыныңПредседателі Қазақбаевқа жәрдем сұрап арызберіпті. Сонда өзімен қоса Ғабдоллаға да арызбергізген. Сонымен екеуі 150 сомнан жәрдемалған. Міне, мұнан да оның бауырмалдығыкөрініп тур ғой.

«Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игідегендей Баубек шын мағынасындаҰлытаудың түлегі еді. Мұқан Иманжановпенжақын сияқты еді.

ФЗУ қабырғасында жүргенде Мұқан аудандық«Қызыл кенші» газетіне өлең жазып тұратын. Мысалы, сол кезде нан карточкасыжойылғанда «Нан көбейді, алақай »деген өлеңіәлі есімде.

Баубек пен Ғабдолла Алматыға келер жолдажәшік толы кітаптарды көтеріп жүрулеріне тура келді. Сондағы Баубектің шығарған сықақ өлеңіәлі есімде:

Арқада кітабымыз толған жәшік,

Келсін де сенбегендер көрсін ашып.

Оқуға шын тілекпен аттандық біз,

Қол созып ілгеріге аяқ басып.

Болсақ та әрі жетім, әрі нашар,

Қараймыз алдымызға көзді ашып.

Ықыласпен оқымақпыз алғы күнде,

Жүрсек те шаршап, шалғып, қарын ашып.

Айта кететін тағы бір жай. Алматыға жеткенше, көп қиындықтарға кездестік. Ол кезде теміржол билетін алу қандай қиын! Мен командировка қағазым бойынша екі-ақ билет алдым. Қалған екеуіне жалпы ширетпедетұруға тура келді. Жолда Арыс станциясында2-3 күн отырдық. Ақыры билет ала алмағансоң, Баубек пен Ғабдолла бізді вагонға кіргіздіде, өздері шықпай қалып қойды (жататынорындары ең жоғарғы полка). Сөйтіп, итшілепАлматыға жеттік.

Сонда Баубектің жол үстінде бір де мұңайып, ренжігенін көрмедім. Алматыға жеткесін үшеуіде техникумға түсті. Содан кейін маған келіп-кетіп жүрді.

Сабақты өте жақсы оқыды. Күндіз оқу оқып, кешке вагон тиейтін жағдай оқушылардыңқайсысының болса да бастарынан өткен.


Әбдірахман ТОҚТЫБАЕВ,
Республикалық дәрежедегі дербеспенсионер.

1977 жыл.

БАУБЕК ОСЫЛАЙША ҚАЗА БОЛДЫ

Мен 1924 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Егіндібұлақ селосында туыпөстім. Қызыл әскер қатарына 1942 жылысентябрь айында Жарма аудандық әскерикомиссариаты арқылы шақырылдым.

Баубекті 1943 жылы көрдім.Бір шаруамен кетіпбара жатыр едім, алдымнан қазаққа ұқсас біраға лейтенант кездесті. Ол кісіге әскертәртібімен сәлемдесіп өтіп кеттім. Барғанжұмысымды бітіріп қайтып келе жатқанда әлгікісі тағы кездесті. Ол мені тоқтатып: «Қазақсыңба?» — деп сұрады, мен: «Қазақпын», — депжауап бердім, ол менің қай жерлік екенімдісұрады. Мен толық жауап бергеннен кейін олосы полктың саперлер взводының командиріекенін айтты және уақытым болса, келіптұруымды сұрап, орналасқан жерін көрсетті. Мен сол кештеақ бардым.

Екеуміз екі сағаттай әңгімелестік. Баубек өзініңжалғыз екенін, бір жақын ағасы соғыста қазатапқанын, жора-жолдастарынан хат алыптұратынын айтты. Содан кейін Баубек«Социалистік Қазақстан» газетін алатынынайтып, маған «оқы, Қазақстан жаңалығыментаныс» деп бірнеше номерін берді. Міне, осыдан бастап Баубекпен бірге туысқандайболып кеттім. Бос уақыт болса Баубек екеумізылғи бірге болатынбыз. Баубек маған неміскартасынан жасалған екі қалың дәптердікөрсетіп, өзінің газеттерге мақала, өлеңжазуымен бірге «Алтын сағат» және «Капитан Водопригора» деген әңгіме жазып жүргенінайтатын.

Біздің әскер Кривой Рог қаласын алуғадайындалып жатқанда, жау минасын тазартыпжүріп, қапылыста мина жарылып Қаратаев, Каплевский, Баубек үшеуі мерт болады. Баубектің мерт болғанын естіп, Махровтыңкөмегімен майдан даласынан алып шығып, Днепропетровск облысы, Софиев ауданы, Ново-Юльевка селосына ез қолымнанжерледім, қасында Қаратаев, Каплевскийлербар. Баубектің басына «Баубек Бұлқышев» деп, туған жылы мен мерт болған жылы, күнінтақтайға ойып жаздым. Менің қолымнан келгеніосы ғана болды.

Баубек кішіпейіл, бауырмал еді. Баубектіосындай азаматтығы үшін солдаттар қаттысыйлайтын. Және штаб офицерлеріне өтебеделді еді. Баубек жас кетті. Сол соғыстыңқиын-қыстау уақытында өте мәдениетті, таза жүретін және осыны өз қарамағындағысолдаттардан талап ететін.

Қанағат АҒЫБАЕВ

1972 жыл.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *