🌊 Сәтбаев қаласының маңындағы Айнакөл – аймағы соңғы жылдары тазартылып, абаттандырылды. Қазіргі таңда бұл жер қала тұрғындары үшін демалыс орны ғана емес, табиғи байлықтарымызды бағалауға мүмкіндік беретін мекенге айналып отыр.
🐟 Көл маңында балық ресурстары біртіндеп қалпына келіп, шортан, мөңке, қарабалық сынды түрлер кездесуі мүмкін. Бұл – өңірдің биоалуандылығын сақтауға, экотуризмді дамытуға ықпал етеді.
💧 Су – тіршілік көзі. Ал Айнакөл – Сәтбаевтың экологиялық тынысы, жергілікті экожүйенің маңызды бөлігі. Сондықтан табиғатты аялау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.