Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылады. Осы ретте Департаменттің басты міндеттерінің бірі – қызмет алушыларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, олар үшін қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету процестерін жетілдіру және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.
Осы орайда, Департаментпен аз. Т. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдауға қатысты негізсіз бас тарту берілгені жөнінде шағымы қаралды.
Аз. Т. шағымын қарау барысында өтініш берушіге мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш қабылдаудан дәрігердің тегі қолмен жазылған деген себеппен бас тартылғаны анықталды. Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының талаптарына сәйкес, комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары және медициналық ұйымның мөрі болған жағдайда, дәрігердің тегінің қолмен көрсетілуі медициналық қорытындыны жарамсыз деп тануға негіз болып табылмағандығы анықталды.
Департаменттің жедел ден қою шаралары нәтижесінде қызмет алушының бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді. Яғни, Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығымен аз. Т. мемлекеттік қызмет алу туралы өтініші қабылданды.
Осы орайда, мемлекеттік қызмет алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1 ғимаратындағы № 711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз (байланыс телефоны – 8/7102/733270).
Н. Кайтанова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ұлытау облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы.




