АСТАНАДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИАЛОГ-ПЛАТФОРМАСЫ БАСТАЛДЫ
Астанада бүгін ауыл әкімдерінің қатысуымен өтетін республикалық диалог-платформа өз жұмысын жалғастыруда. Бұл шара
– жергілікті басқару жүйесін дамытуға, ауыл деңгейіндегі шешімдерді тиімді қабылдау механизмдерін жетілдіруге бағытталған маңызды басқосу.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің рөлін күшейту, ауылдағы өмір сапасын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерді айқындайды. Президент ауылды дамыту – ұлттық экономиканың тұрақты өсуінің маңызды факторларының бірі екенін атап өтпек.
🟦 Қазақстан бойынша бүгінде 2334 ауыл әкімі сайланған. Бұл — демократиялық институттарды нығайтудың және ауыл тұрғындарының шешім қабылдау процесіне тіке қатысуының маңызды көрсеткіші. Сайланған әкімдер жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға жауапты.
Платформа аясында ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа тәсілдері, мемлекеттік қолдау тетіктері, инвестиция тарту, инженерлік желілерді жаңарту және ауыл жастарына арналған мүмкіндіктер талқылануда. Сарапшылардың айтуынша, ауыл экономикасын әртараптандыру, цифрлық қызметтерді кеңейту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту – қазіргі басты басымдықтардың бірі.
Іс-шара барысында әкімдер өңірлердегі нақты проблемаларды ортаға салып, тәжірибе алмасуда. Өтетін пікірталастар мен ұсыныстар алдағы уақытта мемлекеттік саясатты жетілдіруге негіз болмақ.