«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТІ

Жаңалықты бөлісіңіз:


«
AMANAT» партиясының құрметі

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кейін қалғанмен, оларға деген құрмет тасқыны саябырсыған жоқ. Журналистерді құрметтеу, марапаттау салтанаттары одан әрі жалғасын табуда.

Жезқазған қаласындағы «AMANAT»партиясының ғимаратында облыстық және партияның «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы филиалы аймақ журналистерін  төл мерекелерімен құттықтады.

Аймақтың бір топ журналистеріне AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Д.Кәрібектің Алғыс хаты тапсырылды.  Астанадан арнайы жеткен Алғыс хатқа қоса сыйлықтың төресі саналатын кітап , атап айтқанда , «Сөз және дәуір»  кітабы қоса берілді.

Жыл сайын БАҚ қызметкерлерін құттықтауды өзіндік дәстүрге айналдырған партияның «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы филиалы биыл да жолдан жаңылған жоқ. Филиалдың Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлығын атқарушы хатшы Асқар Нұржанов табыс етті. Құрметке бөленгендер арасында Ізтай Белгібаев, Аяулым Алтынбекова, Марал Шахаева және т.б. болды. 

(Өз тілшіміз)

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *