Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан №298 сайлау учаскесіне Рон Сергей Сергеевич алғаш рет келіп дауыс беріп отыр. Оның бүгінгі туған күні де референдуммен тұспа-тұс келді. Рон Сергей бұны жақсы ырымға балап өз ойын да білдірді. «Бүгін мен 18 жасқа толып отырмын және өмірімде алғаш рет референдумға қатысып отырмын. Бұл әрине өте әсерлі сәт болды. Мен Сәтбаев қаласының технологиялық колледжінің 3 курс студентімін. Туған жерім осы Сәтбаев қаласы. Отбасымда 2 әпкем анам және мен. Барлығымыз отбасымызбен дауыс бердік. Осы референдум күні менің туған күніммен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымн. Барлықтарыңызды қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын»-дейді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *