«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков арнайы қатысып, өңір тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты.
Жалпы сенбілікке 152 ұжым мен 2500-ге жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, 65 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 420 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Айналаны көгалдандыру мақсатында 400 түп ағаш отырғызылды.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің көркеюіне өз үлесін қоса бермек.




