Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жедел іс-шара барысында Жезқазған–Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталған. Күдіктілер бүкіл бағыт бойынша әрекеттерді үйлестіріп, қылмыстық схеманың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.




