Заң мен тәртіп – тұрақты әрі дамыған қоғамның басты негізі. Қай елде заң үстемдігі сақталып, тәртіп берік орнаса, сол қоғамда әділдік пен сенім қалыптасады. Сондықтан заң талаптарын орындау – әрбір азаматтың міндеті ғана емес, азаматтық мәдениеттің көрсеткіші.
Қоғамдағы тәртіп ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Күнделікті өмірде қарапайым ережелерді сақтау – үлкен өзгерістерге бастайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзбау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау – мұның бәрі заңға деген құрметтің көрінісі.
Заңды құрметтеу – жауапкершілікті түсінудің белгісі. Әрбір құқық бұзушылық қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан құқық қорғау органдары тарапынан заң талаптарының орындалуын бақылау және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Сонымен қатар, қоғамда құқықтық мәдениетті арттырудың маңызы зор. Адамдар өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білген сайын, заң бұзушылықтар азайып, қоғамдық тәртіп нығая түседі. Бұл өз кезегінде қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді.
Заң мен тәртіп – тек мемлекеттік құрылымдардың жұмысы емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, жауапкершілік танытса, елімізде тұрақтылық пен дамудың берік негізі қаланады.




