Қала көшелеріндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аталған жұмыстарды мердігер ұйым — «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС жүзеге асырып отыр.
Қазіргі таңда қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, жолдарды тазалау, жиналған қоқыстарды шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, шаңның көтерілуін азайту мақсатында жол жамылғысын суару шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты назарда. Осы бағытта тиісті белгілерді қалпына келтіру, қауіпті учаскелерді бақылау және жалпы жол жағдайын жақсарту жұмыстары атқарылуда.
Мердігер ұйым барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес орындауда. Бұл шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қаланың санитарлық және инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.




